Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді дәлелдедім": Бағлан Әбдірайымов әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады

“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесін есіне алып, өміріндегі өкінішін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Жақында өнер иесінің жаңа фильмі жарыққа шығады. Алайда оны марқұм әкесі көріп үлгермеді.

“Былтыр 25 қаңтар күні Алматы қаласында “Zero” фильміміздің премьерасын жасадық. Байқасаңыз әкем марқұм қасқайып тұр ғой. Бұл менің ата-анама, достарыма, оқырманым мен тыңдарманыма “казинодан киноға өтуге болады, адам өзгере алады” деп өзімді дәлелдеген кезім еді… Жоқ, өзіме-өзімді дәлелдеген сәт деген дұрыс шығар, иә?! Ағымнан жарылып, қатемді мойындап, талай сұхбат бердім. Іштегі қоқысты сыртқа шығару арқылы ішкі әлемімді тазалап алдым. Сол тазалықпен кітап жазылды. Артынан кино түсірілді. Бұл – мен үшін ұмытылмас сәт. Содан бері кино әлемінде әзірге жүрмін. Ізін суытпай “Басқа вариант жоқ” киносы шықты. Өкінішке қарай, сәтсіз жоба болды. Дереу ес жиып, қатемді ескеріп, қоғамға тағы айтары бар “Zero 2” киносын түсірдік. Құдай қаласа, сәуір айында көрерменге жол тартады. Бұл премьераға әкем ғана келмейді. Арқамнан қағып, “Жарайсың, Баха!” демейді. Елге пайдалы, көңілге қонымды, ықыласқа бөленсе, әкемнің атына кір келмесе, бұл да бір салихалы ұрпақтың әрекеті деп білемін”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары сүйікті әншісінің жобасына қолдау білдіріп, касса жинасын деп тілек жаудырып жатыр. 

 

Талқылау