Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзім атып алғанмын": Сирек жануарлардың терісімен мақтанған басшыға қатысты тергеу басталды

Алматы полиция департаментінде туризм және спорт академиясы директоры Қайрат Закирьяновқа қатысты іс туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қазақстандықтар Қайрат Закирьяновтың "кабинетінде" тұрған Қызыл кітапқа енген барыстар мен басқа да жануарлардың терілері түсірлген фотосуреттерге наразылық білдірді.

Туризм және спорт академиясы директорының ісін Алмалы аудандық полиция басқармасы қарап жатыр.

"Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабында көзделген "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаймыз.

Алайда ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабында 3 мың АЕК-ке (8 751 000 теңгеге дейін) дейінгі айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске салайық, желіде Қызыл кітапқа енген жануарды бөлмесіне қойып қолған Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың суреті жарияланды

Оқиғаға қатысты экология министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастап кеткенін айтты. 

Қайрат Закирьянов суретіндегі жануарларды өзі атып алғанын айтып берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр