Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзі жазғандай": Мұрат Насыровтың әніне тұсаукесер жасаған Луина сынға қалды

Әнші Луина тыңдармандарына жаңа жұмысын ұсынды. Трек жаңадан жазылғанымен, ән баршаға жақсы таныс. Марқұм Мұрат Насыровтың әйгілі хиті - "Я это ты". Луина әнге жаңа дем беріп, шоу-бизнес өкілдеріне арнап тұсаукесер жасады. Алайда ғұмыры ширек ғасырға жуықтаған әннің тұсауын кескен әншіні көпшілік түсінбей отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кеңестік әнші Мұрат Насыров өткен ғасырда елдің жүрегін жаулаған өнерпаздардың бірі. Оның әндерімен 90-жылдардың жастары жақсы таныс. Әсіресе "Я это ты" хитін білмейтін жан кемде-кем.

Шығармашылығына жаңа дем бергісі келген Луинаның да көзі осы әнге түскен. Ол тректі жаңадан жаздырды. Тыңдарманына ұсынып қана қоймай, үлкен шығармашылық кеш ұйымдастырды. Мерекелік шараға шоу-бизнес өкілдері қатысып, әлеуметтік желіде кадрлармен бөлісті.

Ал көпшілік 1998 жылы жарыққа шыққан әннің тұсауын кескен Луинаны түсінбей отыр. 



"Өзі бірдеңе ойлап тауып, тұсаукесер жасаса бір жөн екен", "Караокеге келіп, дайын әнді орындағандай. Қайдағы тұсаукесер? Елдің бәрі не деп құттықтап жатыр?", "Мен түсінбедім, барлық әншілер, оның ішінде Батыр да орындаған әнді қайта айтып шықты. Өзі жаңа бірдеңе шығарғандай тұсаукесер ұйымдастырыпты. Мәні не? Құттықтайтындай не істеді? Түпнұсқа қашанда жақсырақ", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау