Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өздеріңнен де бар, бай іздеп жүр деп ойлайды": Рүстем Жүгінісов бір реттік некеге тұруға қатысты дауда қызды кінәлады

Фото: Видеодан скриншот

Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Рүстем Жүгінісов Ақтөбедегі мешітте болған жанжалға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, Ақтөбеде мешітте ер адам қызға тиісіп, бір реттік некеге тұруға ұсыныс білдірген еді. 

“Ақтөбедегі мешітте сақалды кісі қарындасымызға бір реттік некеге тұруға ұсыныс білдіргені қоғамда дау туғызды. Бұл барлық сақалды ер адамдар сондай деген сөз емес. Бір ғана дүние айтамын: уақытша неке деген шариғатта жоқ. Ол кісінің жасаған амалы дұрыс емес. Бірден 102 хабарласып, қашуға тырысыңыздар! Ондай адамдармен сөйлесіп, әңгімеге тартып тұрмаңыздар”, – деді Рүстем Жүгінісов.



Одан кейін әйелдердің мешітке барып, намаз оқитынын да қолдамайтынын жасырмады. 

“Әйелдің мешіті – оның үйі. Ер адамдар мешітте намаз оқығаны дұрыс болса, әйелдерге үйде оқығаны абзал. Өздеріңізден де бар. Қарындасымыз да мешітте жалғыз өзі жүрген. Көшеге шықсаңыз ағаңызды немесе ініңізді ертіп алыңыз. Мешітке барған қыздарды бай іздеп жүр деп ойлайды. Қарындасымыздың былай-былай шығып жүргені дұрыс емес”, – деді дін өкілі. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 16:26
Талқылау
`