Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы халықаралық турнирде топ жарды
Өзбекстаннан биыл қоныс аударып келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/amankonsbekov
Астанада өткен "Елорда кубогінің” жартылай финалына дейін жеткен Аман Қонысбеков КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнирде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. 71 келіде сынға түскен былғары қолғап шебері қарсылас шақ келтірмей, финалда жердесі Темірхан Тезектен басым түсті.
Жарысқа Қазақстанның 15 аймағынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген 145 былғары қолғап шебері қатысып, 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтаған.
Айта кетейік, Қазақстанға биыл көшіп келген Аман Қонысбеков қазір Түркістан облысының намысын қорғап жүр. Ол 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері.
Талқылау