Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанға жұмыс істеуге келген шетелдіктер ВИЧ-ке тест тапсыруға міндеттеледі

өзбекстандық мигранттарФото: yep.uz

Өзбекстанда жұмыс істеуге келген шетел азаматтары мен 90 күннен астам шетелде болған өзбекстандықтар АИТВ инфекциясына міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті заңға өзгерістер мен толықтырулар 2025 жылғы 8 шілдеде Өзбекстан Олий Мажлисінің заң шығару палатасында үшінші оқылымда қабылданды. Өзгерістер "АИТВ инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарға енгізіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, тексеру 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтарға, шетелде 90 күн немесе одан да көп уақыт үздіксіз болған өзбекстандықтарға, сондай-ақ елде тұрақты тұратын немесе еңбек қызметімен келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға міндетті болады.

"Газета.uz" басылымының жазуынша, 90 күндік мерзім инфекциялық аурулардың, соның ішінде АИТВ-ның инкубациялық кезеңіне байланысты таңдалған. Өзбекстан азаматтары тестілеуден мемлекет есебінен өтсе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар оны өз қаржысы немесе жұмыс беруші есебінен тапсырады.

2024 жылы шетелден елге қайтқан 1,7 миллион өзбекстандықтың тек 25%-ы ғана АИТВ-ға ерікті түрде тест тапсырған. Нәтижесінде 1 512 адамнан вирус анықталған.

Құжат қазір Өзбекстан парламентінің Жоғарғы палатасының қарауына жіберілді.

АҚШ-та әлемдегі алғашқы ВИЧ вакцинасы пайда болды

Еске салайық, бұған дейін мигранттар 22 мың тонна Coca-Cola сусыны тиелген жүк көлігімен Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған. Мәліметтерге сенсек, 12 мамырда Ақтөбе облысы “Жайсан” автокөліктік бақылау бөлімінде шекарашылар заң бұзушы мигранттардың жолын кесті. Транзиттік Ресей Федерациясына бағыт алған жүк көлігін тексеру кезінде тиелген жүк арасынан (22 тоннаға жуық Coca-Cola сусыны) мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 29 шетел азаматы анықталды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 11:04
Талқылау