Өзбекстандық гастарбайтер Пугачеваға сыйлыққа ұзақ уақыт ақша жинаған
Новосібір облысында еден жуушы болып жұмыс істеп жүрген Мұқаддас Азизова сүйікті әншісіне сыйлық алу үшін ұзақ уақыт бойы ақша жинаған. Артынша БАҚ өкілдерінен көмек сұрап, Алла Пугачеваға өлең кітапшасын тарту еткісі келетіндігін жеткізген.
Бұл туралы “Озодлик” басылымы хабарлайды.
Өзбекстанның Андижан қаласында туған 43 жастағы Мұқаддас Азизова дәл қазір Ресейдың Новосібір облысында еден жуушы болып жұмыс істейді.
Әйел Өзбекстанның “Озодлик” басылымына хабарласып, “Ресей жұлдызы” атты Пугачеваға арналған өлеңдер кітабын табыстағысы келетінін айтқан. Ол өзінің видео-сәлемдемесінде бұл кітабын әншіге табыстауды өмір бойы армандап келе жатқанын тілге тиек еткен.
“Мен Азиза Мұқаддас өзбекпін. Алла Пугачеваның шығармашылығының алдында басымды иемін. Оған деген махаббатымды өлеңдерім арқылы жеткіздім. Біздің заманымызда Пушкин тірі болса, ол да міндетті түрде сізге өлең арнайтын еді. Мен ол кісінің сыйлығымды қабыл алып, өлеңдерімді оқып шыққанын қалаймын”, – дейді әйел.
Мұқаддас Азизова Новосібір облысындағы құрылыс компанияларының бірінде еден жуушы болып жұмыс істеп, өзінің Пугачеваға арналған өлең кітабын шығару үшін тиындап ақша жинаған. Ол бір кездері журналистика факультетінде білім алғысы келгенін айтады. Алайда бұл арманы орындалмай қалған екен.
Мұқаддастың бір баласы бар, 10 жылдан бері Ресей елінде тұрып жатыр. Ал әзірге бұл ерекше сыйы туралы әншінің естіген, естімегені белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Юрмалада демалып жатқан Алла Пугачева 5 оққағар жалдады (фото)
67 жастағы Алла Пугачева Галкиннің бағдарламасы үшін көпшілік алдында шешінді (видео)
Алла Пугачеваның қызы анасынан аумай қалған
Алла Пугачева бүгінгі 67 жасқа толған күнін тойламайтын болды