Өзбекстандықты жұмысқа орналастырамын деп ақша алған: Маңғыстау облысында еңбек мобильділігі орталығының директоры сотталды
Маңғыстау облысының "Еңбек мобильділігі орталығы" директоры Махамбет Қайранбаев сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ директорына қатысты үкім шығарды.
Ол Өзбекстан Республикасы азаматын жұмысқа орналасуға жәрдемдесемін деп 200 мың теңгені алаяқтық жолмен жымқырған.
Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"