Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жастағы миллионер блогер қайтыс болды

Өзбекстан астанасы Ташкентте Asad Algo лақап атымен танымал 20 жастағы блогер көз жұмды. Миллионнан астам жазылушысы бар блогердің миына операция жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/asad__algo

Танымал блогер 19 шілдеде  "Жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, субдуральды бас гематомасы, мойын гематомасы, екі тізе және екі шынтақ көгеруі" диагнозымен республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығына жеткізілген.

"19 шілдеде Асадбек бас миының жабық жарақаты, бас миының жарылуы, басының, мойынының субдураль гематомасы, тізесі мен екі шынтағының көгеруі жарақаттарымен Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына жеткізілді. Бұл туралы дәрігерлер ішкі істер органдарына хабарлаған", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Блогердің достары әлеуметтік желілерде ол бұдан бірнеше күн бұрын басынан жарақат алғанын айтты.

Полиция департаменті өкілдері блогер Асад Алгоның (Асадбек Арзиқұлов) өлімінің мән-жайын айтты. Оның бірнеше күн бұрын Ташкентте 26 жастағы танысымен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқаны белгілі болды. Алайда төбелестен кейін жігіттер татуласып, тарап кеткен. Асадбектің өзі бұл жағдай туралы құқық қорғау органдарына да, медициналық мекемелерге де жүгінбеген. 

 19 шілдеде блогердің денсаулығы күрт нашарлап, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, басына ота жасалған. Алайда  дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

 Бұл дерек бойынша Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 104-бабы 3-бөлігінің "е" тармағы (жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қасақана жасалған ауыр дене жарақаты) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Талқылау