Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда 68 бала үндістандық дәріден көз жұмды: Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Ташкентте Үндістанның Marion Biotech фармацевтикалық компаниясының суық тиюге қарсы препараттарын, оның ішінде Doc-1 Max, Ambronol және Cinepar Kid сироптарын ішкен 68 баланың өліміне қатысты сот процесі аяқталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daryo.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Сот процесі Фото:Daryo.uz

Прокурор Quramax Medikal дистрибьюторлық компаниясының бұрынғы директорын 20 жылға, ал фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы мен оның екі орынбасарын 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сонымен қатар мерт болған 68 баланың және зардап шеккен 16 баланың жақындары 100 миллион сум (3,5 миллион теңге), сондай-ақ жеңіл зардап шеккен екі балаға 20 миллион сум (720 мың теңге) өндіріп алуға ниетті.

Өзбекстан 2022 жылдың желтоқсан айының соңында үнділік Marion Biotech фармацевтикалық компаниясының суық тиюге қарсы препараттарын қабылдағаннан кейін бүйрек жеткіліксіздігі белгілері бар балалардың жаппай ауруханаға жатқызылған еді.

Талқылау