Өзбекстанда тойлардағы ысырапшылдық пен көп қонақ шақыруға тыйым салынды
Фото: piko.by
Өзбекстан үкіметі енді тойларға шақырылатын қонақтардың саны 200-ден аспауы керек деген қаулыны қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lex.uz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Тойларға шақырылатын қонақтардың саны 200-ге дейін, ал дәстүрлі жиынға 250-ге дейін шектелген. Қос үйлену тойы мен дәстүрлі жиыг үшін рұқсат етілген ең көп қонақ саны құжат бойынша – 250 және 300 адам.
Сондай-ақ қаулыда ақша мен мата тарату сияқты шамадан тыс шығынға әкеп соғатын әрекеттерге де тыйым салынған, себебі бұл отбасылар үшін қалта көтермейтін шығынға әкеледі.
Үкіметтің шектеулері мерекелік шараларға келушілер санын реттеуге емес, қажетсіз қаржылық шығындардың алдын алуға бағытталған. Ведомствоның мәліметінше, бұл ел тұрғындары үшін көптен бері өзекті мәселе.
Сондай-ақ құжатта қаулы іс-шараларды қатаң қадағалауға және халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған "Ұтымды тұтыну" бағдарламасы аясында қабылданғаны атап өтілген.
Осыдан бес жыл бұрын Өзбекстан парламенті тойларға келушілер санын шектейтін қаулыны бекіткен. Алайда жергілікті журналистер бұл ережелердің іс жүзінде орындалмай отырғанын атап өтті.
Еске салсақ, елімізде "Құдайы аста ысырапқа жол бермеу" құжаты қабылданған еді.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
