Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда Tik Tok пен басқа да әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Өзбекстанда Tik Tok, Twitter және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің жұмысына шектеу қойылды. Ел президенті Шавкат Мирзияев Әмір Темір мен Әлішер Навоидің тарихи ескерткіштерін қорлады деп бірқатар блогерлердің роликтерін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Әлеуметтік желілердің жұмысын шектеудің себебі – әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты”, – деп хабарлады ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция.

2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін "Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне" енеді. Бұзушылар тізіліміне Twitter, TikTok және ВКонтакте кірді.

2021 жылдың қаңтар айының соңында "Дербес деректер туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес 15 сәуірден бастап барлық интернет-ресурстар Өзбекстан аумағында республика азаматтарының дербес деректерін сақтауға міндетті.

Мамыр айында билік ірі шетелдік интернет-компанияларға олардың деректер базасын республика аумағына көшіру қажеттігі туралы ескертті.

Тізімге Facebook Inc Google, Mail.ru, Microsoft Skype, Telegram, Tencent Wechat, TikTok, Twitter, Yandex кірген.

Бірнеше күн бұрын Өзбекстан президенті Әмір Темір мен Әлішер Навоидің тарихи ескерткіштерін қорлады деп Тик-Ток блогерлерін сынға алған болатын.

Талқылау