Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда президентті мақтауға тыйым салынды

Жуырда Өзбекстан билігі президентті мақтап ән салуға тыйым салды.

1482860462

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

“Мемлекет басшысына арнап ән салу, оны мақтау әдепке жатпайды”, – дейді “Өзбекконцерттің” уақытша директоры Азамат Хайдаров. Мұндай шешім бірнеше апта бұрын президент Шавкат Мирзиеевке өзбекстандық әншінің арнаған “Менің сұлтаным” әнінен кейін қабылданған.

49 жастағы әнші, актриса Дильфуза Исмаилованың әні интернетте 21 мамыр күні жарияланғанымен, артынша қайта өшірілген. Әнде Мирзиеев “жер бетіндегі теңдессіз сұлтан”, “Құдайдың жердегі көлеңкесі”, “сүйікті адам” ретінде суреттеледі. Бейнероликте қазіргі президенттің әртүрлі шаралардағы суреттері көрсетілген.

Оқи отырыңыз:

Зағип жігіт ақылды көзілдіріктің арқасында өз әйелін көрді (видео)

Сирияда соғысып жүрген қырғыз жігіті анасынан кешірім сұрады (видео)

Жарыс жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жарылып кетті (видео)

Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)

Талқылау