Өзбекстанда педофил колониядан қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлаған
Фото: Telegram/Бобур Туляганов
Өзбекстанның Ташкент облысында жеті жыл бұрын жасөспірімді зорлады деп сотталған педофил колониядан қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UzNews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталғандай, ер адам жазасын Ташкент облысы Аханғаран ауданындағы колонияда өтеп жатқан. Онда ол жергілікті компанияның меншігіндегі жерге жұмысқа орналасқан.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тұтқынды тұрғындар егістік алқабында оқиға орнында ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырған. Оның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздың жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ.
Фото: uznews
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдер мен балаларды зорлау және өлтіру қылмыстары үшін өлім жазасын енгізуді көздейтін заңнамаға өзгерістер дайындауды тапсырған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген