Өзбекстанда баланы OLX арқылы сатпақ болған
Желіде біреу өзбекстандық үш жасар баланы OLX онлайн платформасында сатуға қойған. Жарнамаға сәбидің фотосы қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға бірден балалар омбудсменінің назарын аударды. Олар жағдайды ерекше бақылауға алды.
Уәкілдің өтініші бойынша ішкі істер органдары бұл істі қолға алды. Қазір шын мәнінде не болғанын және оның артында кім тұрғанын тексеріп жатыр.
Маңғыстау облысында 42 жастағы әйел бала сатпақ болған
Қазақстандық ішкі ағзаларын 15 миллион теңгеге сатпақ болған
"Мұндай әрекеттер баланың өмірі мен бостандығына тікелей қауіп төндіреді. Осындай қылмыстарға қатал реакция білдіру керек", – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары қазір тергеу жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта ресми құқықтық баға беріліп, кінәлілер жазаланады. Балалар омбудсмені егжей-тегжейлі ақпаратты кейін беруге уәде етті.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте 23 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін сатпақ болғаны туралы жазған болатынбыз.

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Қызметкерлерге еңбекақы қалай төленуі керек және қандай құқықтары бар
