"Түрме күтіп тұр": Қорғаныс министрі әскери қызметтен жалтарғандарға қандай жаза қолданылатынын айтты
Фото: freepik.com
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскерге шақырудан жалтарған азаматтарға қандай жаза қолданылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер министрге әлеуметтік желіде “әскерден жалтарғандар түрмеге қамалады” деген ақпарат тарағанын айтып, оның қаншалықты рас екенін сұрады.
Қорғаныс министрлігі әскерде өз-өзіне қол жұмсау дерегі азайғанын айтты
Министрдің сөзінше, әскерге шақырту кезінде әскери комиссариатқа келмеген азаматтардың деректері ішкі істер органдарына жолданады.
“Олар іс қозғайды. Алдымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кейін қылмыстық жауапкершілік көзделуі мүмкін. Бас бостандығынан айыру туралы шешімді сот қабылдайды”, – деді Қосанов.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі бейбіт уақытта сарбаздардың қаза табуы туралы пікір білдірген еді.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді