Өзбекстанда ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Өзбекстанда әлем чемпионатының қорытындысы талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатының нәтижелері бойынша Ташкентте Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Жиынға федерация басшылары мен ұлттық құрама мүшелері қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді.
Іс-шара барысында федерация өкілдері жылдың соңында Ташкентте Asian Boxing ұйымының қолдауымен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, әлем біріншілігінде Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Бірінші орын Қазақстан құрамасына бұйырды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

