Өзбекстанда дезинфекциялық туннельдер тиімсіз деп танылды
Өзбекстанда дезинфекциялық туннельдер коронавируспен күресте тиімсіз деп танылды және тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай шешімді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша республикалық арнайы комиссия қабылдады.
«Ғимараттар мен басқа да нысандарға кіре берісте дезинфекциялық туннельдерді пайдалану тоқтатылды», - деп келтіреді РИА Новости Өзбекстанның штаб-пәтері өкілінің сөзін.
Сондай-ақ, ол көшелерде дезинфекциялық туннельдер «халықты тыныштандыру» үшін қолданылғанын түсіндірді.
«Барлық дерлік зерттеулер коронавирустық инфекциямен күрестегі туннельдердің тиімсіздігін көрсетеді», - деді ақпарат көзі.
Мамыр айында ДДҰ COVID-19-қа қарсы күресте көше мен жабық кеңістікті дезинфекцииялаудың тиімсіздігі туралы аралық нұсқаулық шығарды.
Ұйымның пікірінше, бұл әдіс көздің зақымдануына, тыныс алу жолдарының тітіркенуіне немесе терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
Еске салайық, дәл осындай туннельдер Қазақстан қалаларында да орнатылған.Осы кезде белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов Алматы әкімдігімен соттасуда. Оның пікірінше, жергілікті қызметтер жүргізетін кіреберістер мен көшелерді дезинфекциялау заңсыз және өте қауіпті.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
