Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда әнші киімі үшін сахнаға шығу лицензиясынан айырылған

Өзбекстандық эстрада әншісі Каниза сахнада өнер көрсету лицензиясынан айырылды. Оның соңғы концертіндегі киімін билік орынсыз әрі ұятсыз деп таныды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

каниза

Каниза атымен танымал өзбек поп-әншісі Шахризода Ахмедова ашық киінгені үшін лицензиясынан айырған шенеуніктерге қарсы тұруға ниетті.

"Кеңес мүшелері Каниза Ахмедованың лицензияны қайтарып алу туралы шешімді бірауыздан мақұлдады. Оған қатаң ескерту жасалды. Егер ол бір ай ішінде қатесін түсініп, қалыпқа келсе, лицензияға қайта өтініш бере алады", — деді Мәдениет министрінің орынбасары Баходир Ахмедов.

Ал қателіктерін түзетпесе, одан да қатаң шаралар қабылданатынын ескертті. Шенеунік Канизаға бір айға тыйым салу басқаларға сабақ болатынын түсіндірді.

Каниза концертінде ұзын ақ жейде, қара былғары күртеше мен боз шалбар және ұзын етік киген. Боз түсті шалбарының кесірінен оны кейбір көрермендер шалбарсыз сахнаға шықты деп ойлап, айыптай бастады.

37 жастағы Каниза өзінің кінәсіз екенін және ұят ештеңе істемегенін айтады.

Әнші шенеуніктер мен Өзбекстанның музыка индустриясының реттеуші органы "Өзбекконцертті" өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптады.

Оның айтуынша, мыңдаған көрермендердің алдында "ұятсыз сөздер" айтатын немесе расымен ашық киінетіндерді жазалау керек.

Өнер иесі шенеуніктердің қалталылар мен “танысы” бар әншілерге ешқандай шара қолдана алмайтынын да тілге тиек етті.

"Биліктің тапсырмасы бойынша ауылдарда, шаңды алқаптарда тегін өнер көрсеттім, бірақ Мәдениет министрлігі мен "Өзбекконцерт" жұмысымды бағалаған жоқ”, – деді ол.

Оның айтуынша, концерт тегін өтпеген,  ал ақша белгілі бір адамдардың қалтасына түсті.

Каниза Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен және "Өзбекконцерттің" басшысымен бетпе-бет кездескісі келетінін айтты.

Ол әлеуметтік желілердегі сыншыларға қарсы шығып, 30 миллионнан астам халқы бар елде шалбардан гөрі өзекті мәселелер болуы керек деп мәлімдеді.

2018 жылы енгізілген ережелер кітабында "Өзбекконцерт "әншілерге татуировка жасауға, ашық киім кию немесе әлепсіз билеуге тыйым салған.

Талқылау