Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда алғаш рет гендерлік кемсітушілік көрсеткені үшін ер адам сотталды

Өзбекстанда гендерлік кемсітушілік туралы заң қабылданғаннан кейін алғаш рет ер адам жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nova 24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ташкентте Анхор саябағында түрік мейрамханасының қожайыны кешкі уақытта тамақ ішуге келген екі қызға қызмет көрсетуден бас тартқан. Ер адам кафе әйелдерге кешкі 22:30-дан кейін қызмет көрсетпейтінін, өйткені олар мұндай уақытта үйде отыру керек екенін айтты.

Шайхантахур аудандық соты ер адамды әкімшілік жауапкершілік кодексінің 189-2-бабы Жынысы бойынша кемсітушілікті насихаттау бойынша кінәлі деп танып, 6,6 миллион сум яғни 225 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот отырысында кәсіпкер мейрамханаға әртүрлі адамдар келіп, қыздарға ұятсыз әрекеттер жасауы мүмкін деп ақталды. Судья әдепсіз мінез-құлық екі жыныстың өкілдерінен де байқалуы мүмкін және ол үшін заң барын айтты

Өзбекстанда, сонымен қатар, кэтколлинг, яғни көшеде қыздарға ысқыру, тиісуге де тыйым салынып, ол үшін жауапкершілік қарастырылды.

Талқылау