Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қызы оның әкімшілігін басқарады
Фото: Шерзод Асадов Telegram-арнасынан
Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева президенттің әкімшілік басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов өзінің Telegram-арнасында ақпаратты растады.
"Президент әкімшілігінің құрылымына өзгерістер енгізілді. Президент әкімшілігінің басшысы деген лауазым енгізілді. Өзбекстан Республикасы президентінің жарлығымен Саида Шавкатовна Мирзиёева Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды", – деп жазды ол.
Сонымен қатар баспасөз хатшысы Өзбекстан басшысы басқа да бірқатар кадрлық тағайындаулар жасағанын атап өтті.
Бұған дейін Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарған. Бұл қызметке оны мемлекет басшысы 2023 жылғы 25 тамызда тағайындаған.
- "Аға, бәрін реттеймін": Таиланд премьер-министрінің таралып кеткен құпия телефон әңгімесі үкіметке қауіп төндірді
- Илон Маскты Ақ үйде ұрып тастаған – БАҚ
Саида Мирзиёева қазір 40 жаста. Ол – Өзбекстан президентінің үлкен қызы. Бұдан бөлек, Шавкат Мирзиёевтің тағы екі баласы бар: қызы Шахноза және ұлы Миралишер.
БАҚ мәліметінше, президенттің кіші қызы Шахноза – Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарады. Сонымен қатар ол жақында Республикалық Паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланған.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
