Өзбекстан президенті әлем чемпионатына шыққан футболшыларға 40 көлік пен мемлекеттік наградалар табыстады
Фото: Өзбекстан республикасы президенті баспасөз қызметі
Өзбекстанның ұлттық футбол құрамасы ел тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып, бұл жетістігі үшін мемлекет тарапынан ерекше құрметке ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Команда мүшелеріне және жаттықтырушылар штабына жаңа көліктер мен мемлекеттік наградалар тапсырылды.
Катар құрамасын жеңіп, іріктеу кезеңін сәтті аяқтаған соң, алаңға 40 жаңа BYD маркалы қара жол талғамайтын көлік шығып, әрбір ойыншы мен жаттықтырушыға жеке табысталды. Бұл сыйлықтар құрама жетістігінің ел футболының дамуына қосқан зор үлесін білдіреді.
Фото: Өзбекстан республикасы президенті баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев футболшылар мен бапкерлерге құрметті атақтар беріп, ордендер мен медальдармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Мұндай құрмет тек ойыншыларға ғана емес, құраманың артында еңбек еткен мамандар — аудармашылар, физиотерапевтер мен медиа қызметкерлеріне де көрсетілді.
Бұрынғы бас бапкер — словениялық Сречко Катанец те назардан тыс қалмады. Денсаулығына байланысты қызметінен кеткен бапкерге "Достық" ордені табысталды.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
