Өзбекстан құрамы қауіпті деп күдікке ілінген ауғанстандық газдалған сусынды тексеріп жатыр
Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауат және қоғамдық денсаулық комитеті Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" анар газдалған сусынын тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ош мэрінің баспасөз қызметі
Ведомствоның мәліметінше, бұған Қырғызстандағы зерттеулерден кейін сусын құрамынан улы заттар табылған. Сол себепті Өзбекстан да тексеруге шешім қабылдаған.
Қазір хош иістендірілген өнімдердің үлгілерін қайта іріктеу жүргізіліп жатыр.
Бұрын комитет бұл сусынды тексеріп оның әр партиясына санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар берді.
-
3 келі есірткіні газдалған сусынға ерітіп шекарадан алып өткен: Шымкентте Ауғанстан азаматы сотталды
"Адам денсаулығына улы және зиян заттар табылмағаны атап өтіледі. Бүгінде тұрғындардан осы өнімнің сапасыздығы туралы шағым түскен жоқ", – деп толықтырды комитет.
Еске салсақ, Қырғызстанда бұл сусынға тыйым салынған еді. Ал Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.