Өзбекстан Қазақстанға су тасқынының салдарын жою үшін арнайы мамандар мен техника жіберді

Көршілес мемлекеттен Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 209 маман мен 169 техника жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған Өзбекстан делегациясы төтенше жағдайды жою бойынша қажетті шараларды анықтау үшін Қазақстанның Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аудандарды аралады.

Су тасқынының алдын алу үшін Қазақстанға төтенше жағдайлар министрлігінің 209 маманы және 169 бірлік ауылшаруашылық, инженерлік және өрт-құтқару техникасы жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Сардоба су қоймасынан бөгеттің жарылуына байланысты төрт ауыл су астында қалғандығы туралы хабарлаған едік. Бірнеше мың тұрғын эвакуацияланды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр