Өзбекстан аумағына бес снаряд түсті
Өзбекстанның шекаралық аймағына Ауғанстан аумағынан 5 зымыран құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
"2022 жылғы 5 шілдеде сағат 16:20 шамасында Өзбекстанмен шекаралас аумақта Ауғанстан аумағынан ұшып шыққан бес зымыран тасығыштың құлағаны тіркелді", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство снарядтар құлаған кезде ешқандай жарылыс болмағанын, адам шығыны мен қираулар болмағанын атап өтті. Термездегі төрт жеке тұрғын үйге шамалы зақым келтірілді, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды. Табылған снарядтар сапер бөлімшесінің көмегімен залалсыздандырылды.
Қазір Өзбекстанның құзырлы органдары ауған жағымен бірлесіп, оқиғаның себептерін анықтауда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”