Өзбек футболшысы Абдукодир Хусанов "Манчестер Сити" клубының ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды
Ағылшындық “Манчестер Сити” футбол клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов ақпан айындағы ойындар нәтижесі бойынша команданың үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Mancity
Өзбек ойыншысы өткен айда бес ойын өткізді. Англия чемпионатында “Тоттенхэм”, “Ливерпуль” және “Ньюкасл” командаларына және Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде испандық “Реал Мадридке” қарсы ойындарда Хусанов алаңда 90 минут ойнады. Ал Англия кубогының 1/16 финалында лондондық “Лейтон Ориент” клубына қарсы өткен матчта екінші таймда алаңға шыққан қорғаушы командасының жеңіс голын соқты.
Осылайша, ақпан айының үздігі болған қорғаушы бұл ретте командаласы Эрлинг Холландтан озды.
Айта кетейік, Абдукодир Хусанов “Манчестер Сити” сапына қысқы трансферлік терезе кезінде француздық “Ланс” футбол клубынан ауысып келген еді. Ағылшындықтар өзбек ойыншысын 40 миллион долларға сатып алған болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

