Өзбек әнін аударып алған Жігер Ауыпбаев елдің сынына жауап берді (видео)
Бірнеше күн бұрын Жігер Ауыпбаев “Алдамадым” атты су жаңа әнін тыңдарман назарына ұсынды. Әнді желіге жүктегені сол еді, есті тыңдарман әннің көршілес елден алынғанын біліп қойды. Тыңдарман қауым Ауыпбаевты “плагиатшыл әнші” деп айыптады. Бұған Жігердің берер өз жауабы бар.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Күні кеше ғана жарық көрген менің «Алдамадым» деп аталатын әніме беріп жатқан бағаларыңыз үшін көптен көп рахмет. Көңілдеріңізден шығып жатқанына қуаныштымыз. Бірақ қосымша, «бұл ән плагиат, өзбек әнін ұрлап алған» деген сынды теріс пікірлер көп жазылып жатыр. Әрине, жазып жатқандарыңыз дұрыс.
Бірақ бір нәрсені түсіндіріп кеткім келеді. Бұл әнді маған сол өзбек елінің жарық жұлдызы Шахруххан досым достықтың, сыйластықтың белгісі ретінде рұқсатын берді. Егер де композиторы, орындаушысы рұқсат беріп жатса, ол әнді неге орындамасқа? Өнер ұлтқа бөлінбейді, өнерде шектеу, шекара жоқ”, – деп мәлімдеді Жігер.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Беспаев: Өзімді керемет әншімін деп санамаймын
Ерке Есмахан ата-анасының “алтын тойын” концерт сияқты өткізді (видео)
Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді