Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз үйімді де, жер үйімді де берген жоқ": Жұлдыз Әбдікәрімова үйін қайтару үшін баспасөз жиынын өткізді

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйін қайтару үшін баспасөз жиынын өткізіп, шындығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі бүгінде төрт баласымен жалдамалы пәтерде жүргенін жасырмады. 

Еске салайық, актриса  "TUMARGrandVillage" құрылыс компаниясынан үй алғанын сүйіншілеген болатын. Құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра Тәжімбетовамен коттедж салуға келісімшартқа отырып, екі жыл құрылыстың аяқталғанын күтеді. Алайда Диляра Тәжімбетова берілу керек болған жерді басқа бір кредиттік ұйымға кепілдікке қойып, өнер иесінің пәтерін құжат бойынша өзге адамға сатып жіберген. 

“TUMARGrandVillage" құрылыс компаниясының басшыларының бірі Диляра Тәжімбетова менің сеніміме кіріп, TUMARGrandVillage коттедж қалашығынан жер үй салып беруге уәде береді. Алдымен қалашыққа барып, жерді көрдім. Ол кезде бұл жерде құрылыс қарқынды жүріп жатты. Сол жердегі біраз үйлердің де салынып қойғанын байқадым. Маған көрсеткен құжатта барлығы дұрыс сияқты көрінді. Мен сонымен осы жерден жер үй аламын деп шештім. Алайда менің артық қаражатым болмағасын, өзім тұрып жатқан үйімді автотұрағымен сатылымға шығардым. Сатылымға шыққан бетте Диляра маған хабарласып, не істейтінімді сұрады, – дейді актриса.



Актрисаның сөзінше, қазір "TUMARGrandVillage" қалашығына үй салуға рұқсат берілгенімен, бұл жерде қалашық болмайтынына көзі жеткен. Өйткені өзге адам дәл осы қалашықтан жер алып, басқа үй салып қойған.

“Енді бастапқы тұжырым бұзылды. Сол кісіден кімнен алдыңыз деп сұраған кезде айтпай, бір адамнан алдым дейді. Бірақ "TUMARGrandVillage" компаниясы емес екенін үй салған кісі ашып айтты. Осыдан кейін дабыл қағып, сотқа жүгіне бастадым. Ең бірінші Есіл ауданы полиция басқармасына шағымданып, арызымды жаздым. Есіл полициясы мені қайтарып жіберді. Одан кейін Нұра полициясына бардым. Оларда тура осылай жасады. Содан кейін аудандық сотқа шағым түсірген едім, олар менің арызымды алып, артынша сот басталады. Бірақ аудандық соттың шешімімен келіспеймін, – дейді актриса.

Екі сот барысында заңсыз әрекеттер орын алып, соттың талаптары орындалмаған. Жауап беруші екі соттың да отырысына қатыспай, жәбірленушінің келтірген дәлелдері сот тарапынан ескерусіз қалдырылған. Ендігі кезекте іс Жоғарғы Сотқа берілді.

Талқылау