Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз міндеттерін дұрыс орындамайды": Өскеменде белсенділер әкімдердің отставкаға кетуін талап етті

Өскеменде белсенділер облыс және қала әкімдерінің отставкаға кетуін талап еттті. Олардың сөздерінде, Даниял Ахметов пен қала басшысы Омар Жақсылық өз міндеттерін дұрыс орындамайды. Мәселен, шет аймақтарда қоғамдық көліктер жетіспейді дейді. Тұрғындардың өтінішіне қарамастан, мәселе әлі өз шешімін таппаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

белсенділер

Әкімдердің остставкаға кетуін талап еткен онға жуық қала тұрғыны жиналып, петиция жариялады. Олар әкімдердің жұмысына көңілдері толмайтынын мәлімдеді. Сөздерінше, қалалық қоғамдық көлікті бірнеше сағат күтуге тура келеді екен. Қосымша автобус қосуды сұраудан шаршаған олар өз жобаларын да дайындап келген. 

"Біздің өтінішімізді қала билігі естігісі келмейді. Біздің өтінішіміз бойынша ешқандай әрекет жасалып жатқан жоқ", - деді Өскемен тұрғыны Ганфэро Пача.

Құрғақ уәдеден шаршаған тұрғындар әкімдікті сотқа да берген. Медиативті келісім нәтижесінде қала үкіметі мәселені 1 сәуірге дейін шешуі керек болған. Мерзімі өтіп кеткенімен, уәде тек қағаз күйінде қалды деп ашынады. Тұрғындар енді кімге шағымданарын білмейді. 

Даниял Ахметов облысты сегіз жылдан бері басқарып келеді. Ал Омар Жақсылық үш жыл бұрын қала әкімі болып тағайындалған. Қоғам белсендісі Роман Честных – петиция авторларының бірі. Оның сөзінше, қала және облыс басшыларыны өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамайды. 

"Мен петиция Омар туралы жаздым, бірақ Ахметов те кінәлі. Өйткені жолаушылар тасымалы дұрыс жұмыс істемейді. Қала көшелері мен инфрақұрылымға күтім жасалмайды", - деп мәлімдеді қоғам белсендісі Роман Честных. 

Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі жиналғандардың шағымын тыңдап, мәселені аз уақыттың ішінде шешуге уәде берді. 

Назархан Уән
Жұма, 15 Сәуір, 2022 07:53
Талқылау