Шымкенттегі 3 жасар қыздың қалай өлгені анықталды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде болған. «Құсу массасының механикалық асфиксиясынан», яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бары анықталған. Сонымен қатар, сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған.
"Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Шымкентте үш жасар бүлдіршіннің өлі денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.