Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз көлігімен кеткен: Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында қазан айының ортасында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйел өлі табылды. Полиция оның өліміне күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өз көлігімен кеткен: Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Сурет: Instagram/ekibas_today

Полиция мәліметінше, 15 қыркүйекте қала тұрығын полицияға жүгініп, қызының жоғалып кеткенін айтқан. Анасының сөзінше, 34 жастағы Катерина Коковина бірнеше күн бұрын Nissan Qashqai көлігіне мініп, үйінен шығып кеткен. Содан кейін қайтып оралмапты. 

«Жергілікті полиция басқармасы жоғалып кеткен әйелдің қайда екенін және жоғалып кетуінің мән-жайын анықтау үшін, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Оған полиция қызметкерлері мен еріктілеп тартылды. 

Тәртіп сақшылары үйлердің әр пәтеріне дейін, сонымен қатар жақын жердегі дүкендерді тексеріп, бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарады», - дейді ведомстводағылар. 

Сондай-ақ, полицейлер мен еріктілер үйлердің жертөлесі мен шатырларын, құдықтар, бос қалған ғимараттарды тексерді. 

Сонымен қатар полицейлер әйелге қатысты түскен әрбір ақпаратты тексерген. 

«Ертесі күні жедел іздестіру шараларының барысында жоғалып кеткен әйелдің көлігі қайда екені белгілі болды. Кеше тәртіп сақшыларымен қылмысты жасады деген күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Екібастұз қаласыынң 1992 жылғы тұрғыны. ЖШС-лардың бірінде жұмыс істейді. Жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды», - дейді полициядағылар. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Талқылау