Қонақ үйде қызын өлтірді деген ер адам Ұлыбритания азаматы болып шықты
Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде туған қызын өлтірген ер адам Ұлыбритания азаматы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда өз қызына қастандық жасады деген күдікпен Британия азаматы ұсталды, деп хабарлайды қала сотының баспасөз қызметі. Егер оның кінәсі анықталса, ол бас бостандығынан он бес жылдан жиырма жылға дейін айырылуы мүмкін. Қазіргі кезде, күдікті тергеу изоляторында 2 ай қамауда болады.
«Өзінің қызын аямай соққыға жығып өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматы Баракат Мұхамед қазір тергеу изолятрына қамалды. Оған ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Естеріңізге сала кетейік, жаға ұстатқан жағдай қаладағы қонақ үйлердің бірінде орын алған. Әкесі бір жарым жасар қызын тепкінің астына алған. Нәресте ауыр жарақаттардың әсерінен ауруханада көз жұмды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
