Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз бауырымыз емес пе?": Ләйлә Сұлтанқызы Америкада сынға қалған Нұрлан Сабуровқа қолдау білдірді

Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда дүниеге келген стендапер Нұрлан Сабуровқа қолдау білдірді. Сабуров Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірмегені үшін Америкада сынға қалған еді. Сұлтанқызының айтуынша, Сабуровқа тіл тигізуге біз, қазақстандықтар, жол бермеуіміз керек, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қаңтар кезінде үндемеген (мен үшін әлі осы жағы ғана түсініксіз) Украина туралы сөйлесін бе, Сабуровты айтам.

Отбасы бар, қорқынышы бар. Ашық айтты. Қорқамын деді. Айғайлап пікірін білдірмегенді ату керек пе? Ол өз бауырымыз емес пе? Біз ол жігітке тіл тигізуге қарсылық білдіруіміз керек. Әйтпесе, Собчак та басқасы да түртпектеп қоймады. 

Залда өз мемлекетіне жаны ашып жатқандар неғып отыр концертте? Жан ашу, партиотттық сезім - жалау ұстап алып, Америкада ыңғайлы, жылы орындықта отырып алып, сен неге бүйтпедің, сөйтпедің деп айғайлау емес! 

Бір ғана нәрсе анық. Біз қандай да бір қатыгездікке, буллингке қарсы болуымыз керек", - деп жазба қалдырды Сұлтанқызы Telegram-арнасында.



Тележүргізуші барлық әртістер билікке қызмет етеді деген сөзбен келіспейтінін жеткізді. Оның сөзінше, “олардың арасында беделін ойлайтын, саяси көзқарасын ашық білдіре алатындар бар, бірақ аз”. 

Талқылау