Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз басым 20 миллионға татитын жұмыс атқарамын – Депутат Бақытжан Базарбек

Өз басым 20 миллионға татитын жұмыс атқарамын – Депутат Бақытжан Базарбек

Фото: Бақытжан Базарбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің атқарып жүрген жұмысын 20 миллион теңгеге бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет үйінде президент Жолдауынан кейін кулуарда жиналған журналистер депутаттардан бір палаталы Парламент құру жайлы пікірлерін білді. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бұл реформадан тек артықшылық көретінін жеткізді.

“Мен мүлде кемшілік көріп тұрған жоқпын. Мұнда қаржыны үнемдеу, заңдарды аз уақытта қабылдау қамтылған. Бұл – заң шығару процесінің тиімділігі, плюрализм, саяси өмірге, сайлауға қатысуға мүмкіндік”, – деді Бақытжан Базарбек.

Қазір мәжілісте – 98, сенатта – 50 депутат бар. Журналистер депутаттан “президент ұсынған бір палаталы парламентте болашақта қанша депутат болуы мүмкін” деген сұрақ қойды. Бақытжан Базарбек жаңа парламентте 120-130 депутат болуы ықтимал деген болжам жасады.

Депутат артылған қаржы есебінен парламент мүшелерінің жалақысын көтеруге қатысты пікір білдірді. Алайда ол бұл сауалға тек өз басына қатысты жауап берді.

“Өз басым қызметімді атқарып жүрмін және жеке өзімнің ойымша, менің жалақым кем дегенде 20 миллион болуы керек. Өйткені мен 20 миллионға татитын жұмысты атқарып жүрмін”, – деді сенімді түрде Бақытжан Базарбек.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 08:43
Талқылау