Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз баласын жерлеуге келген ер адам бейіт басынан тірі сәби тауып алған

Үндістанда ер адам өлі туған баласын жерлеу үшін келіп, жас сәбилі құтқарып қалған. Шұңқыр қазып жатып,  ішінде жаңа туған қыз бала бар үлкен құмыра тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жердің астында нәрестенің қанша болғаны және қалай тірі қалғаны әзірге белгісіз. 

Дәрігерлер шала туған бала екенін анықтады.

Жас сәбиді ауруханаға жеткізгенде салмағы жетіспей, денесі суынып, қандағы глюкоза төмендеп кеткен. Қазір салмағы 2,67 килограмм және денсаулығы жақсы. Өздігінен тыныс алады және күн сайын салмақ қосып келеді. 

 Баланың ата-анасы әлі табылмады. Ендігі уақытта жас сәбиді асырау бөліміне жөнелтпек.

Жас сәби қаза айының ортасында прадеш елді мекенінде табылған. Жаңа туған сәбиі өлі болған ата-аналар оны көму үшін жер қазып жатқан. "Жер қазып жатып, бір қатты затқа күрегім тигенін байқадым. Құмыраның ішінде сөмке болды. Оны алып шықсам, киімге оралған сәби жатыр. Тірі екен әрі жылап жатыр. Басында өзім көмуге әкелген сәбиім бе деп ойлап қалдым", - дейді баланы тауып алған ер адам.

Ол бірден жедел жәрдем шақырып, баланы құтқарып қалған. Сондай-ақ, полиция бөліміне де хабар берген.

Одан соң әйелі екеуі баланы асырап алмақшы болған, алайда асырап алу уақыты толық бітпегендіктен бұл іс шегерілді. Сол себепті әзірге жас нәресте жергілікті бала қорғау ұйымының қамқорлығында қала бермек. 

Дәрігерлердің айтуынша, сәби денесі қысқа мерзімге температураны сақтап тұратын бала ағзасындағы "қоңыр майдың" арқасында тірі қалған. 


Тағы оқыңыз


Полиция қызметкерлері баланы көміп кеткен "белгісіз біреулерге" қатысты қылмыстық іс қозғамақшы. 

Үндістанда қыз баланың өмірге келуі қаржылай қиындық әкеледі деген түсінік бар. Қыз балалар жиі дискриминацияға ұшырайды. Сол үшін де туғанннан соң қыз баланы өлтіру қалыпты жағдай болып табылады.

 

Талқылау