Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Өз әйелімді өлтірдім» деп видео жариялаған Шымкент тұрғыны тұтқындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына қарасты Сайрам ауылында «өзге дінге кіргені үшін әйелін пышақтағанын» мәлімдеген Хайролла Нарметов қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ішкі істер департаменті күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Азаттықтың ресми сауалына жауап берген жергілікті қылмыстық полиция басқармасының бастығы Ибрагим Жолановтың мәліметінше, 12 қарашада таңғы сағат 09.05-те Сайрам ауылының ауруханасына «1986 жылы туған әйел адам пышақ дене жарақатымен» түскен. Полиция жәбірленушінің аты-жөнін жарияламады.

Полицияның хабарламасында: «Жарақат алған азаматша күйеуі Хайролла Нарметовпен жолыққан. Екеуінің арасында жанжал туындап, Хайролла Нарметов… пышағын әйелінің оң жақ көкірек тұсынан тығып алып, оқиға болған жерден бой тасалаған» деп жазылған.

Күдікті Хайролла Нарметов әйелімен болған жанжалдан соң түсірген видео үндеуінде «әйелін басқа дінге өткені үшін өлтірдім» деп мәлімдеген. Бұл видео 13 қарашада әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

Нарметовтің үстінен қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөліміне сәйкес «қасақана ауыр дене жарақатын салу» айыбымен іс қозғалған. Жараланған әйел Сайрам ауылындағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

Видеода өзбек тілінде сөйлеген жігіт былай дейді.

“Бірнеше уақыттан бері өзіме сөз берген едім. Міне бүгін соны істедім. Әйеліме мына пышақты соңына дейін сұғып алдым. Ол жат ағымға кіріп кеткен еді. Қанша қайтаруға тырыстым, қайтпады. “Қолыңнан не келеді?” деді. Міне келді. Мен күнә жасадым, бірақ Аллаға күмән келтірген жоқпын. Бауырлар мен үшін бір дұға жасап қойыңыздар. Ол қазір өлсе өлген шығар. Сайрамдағы Нарметов Хайролла деген мен болам. 1983 жылы туғам”,-деп өзін таныстыра кеткен.

 

Талқылау