Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз адамымды кездестірмедім": Әзілкеш Марат Достаев жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді

Танымал әзілкеш Марат Достаев Асхат Садырбайға берген сұхбатында не себепті үйленбей жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/marat_dostayev

Қазіргі уақытта ата-анасымен Шымкентте тұратын әзілкеш болашақта да бөлек шығатын ойы жоғын ашық айтты.

“Ата-анамның қолында тұрып жатырмын. Ол жақтан кеткім келмейді, кетпеймін де. Қарашаңырақта қаламын. Алдағы уақытта үйленемін деген жоспар жоқ. Егер бір адамға көңілім ауып, ғашық болсам, сол күні-ақ үйленіп кетемін. Оған дайынмын деп ойлаймын. Әлі өз адамымды кездестірмедім”, – дейді Марат Достаев. 

Әзілкеш бір сұхбатында: “Біреуінің талғамы, біреуінің талабы, енді бірінің әзілге көзқарасы ұнамады. Солай әлі өз адамымды кездестірмедім. Әйтпесе жағдайға қарап тұрған жоқпын. Бірі ақшаңа қарайды, бірі әзілімді түсінбейді, бірі адам тұншығардай әтір сеуіп алады. Содан көңілден шықпайды” деген екен. Бағдарлама жүргізушісінің: “Мүмкін сен қыздарға қатты талап қоятын шығарсың” деген сауалына Марат: “Қыздар да жігіттерге жоғары талап қояды ғой. Онда неге біз кішігірім болса да талап қоя алмаймыз? Мен мұны тәкаппарлық, менмендік деп ойламаймын. Бұл жәй ғана өзіңе керек адамды іздеу”, – деп жауап берді әзілкеш.

Талқылау