Ойыншық унитаздағы чупа-чупс қазақстандықтың ашуын туғызды
Қостанай қаласының тұрғыны “ерекше” тәтті ойыншықты қайдан көргенін айтып берді.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Мәриямның сөзінше, құрбысына келген кезде ол балалардың унитаз пішіндес ойыншыққа батырылған таяқшасы бар тәтті карамелмен ойнап отырғанын көреді. Қатты таңырқаған ол, суретке де түсіріп алған.
“Мен унитазға батырып қоюға болатын чупа-чупсті көрдім. Бұл менің наразылығымды тудырды. Құрбым өзінің бір досынан сатып алғанын айтты”, – дейді Мәриям.
Осы оқиғаны жазба ретінде әлеуметтік желіге де салған. Алайда көпшілігі тәтті ойыншықтың бұл түрін қолдай жөнелген.
“Бір кісі “онда тұрған не бар” деген сыңайда пікір білдіріпті. Шынымды айтсам, мен мұндай түсінбеймін. Балаларым жоқ, жиендерім бар, бірақ, соның өзінде мұндай нәрсені сатып алмас едім. Мұндай тәттілерді неліктен өндіріп, сатылымға шығаратынына таңғаламын”, – деді Мәриям.
Қазір мұндай тәтті ойыншықтар Қостанай дүкендерінде сатылып жатыр.