Белсенділер Алматыдағы Ресей консулдығының алдына пикетке шықты
"Oyan, Qazaqstan!" қозғалысының белсенділері Алматыдағы Ресей консулдығының алдына пикетке шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz порталына сілтеме жасап.
Олардың қолдарында Украинаның туы мен “Украина. Соғысқа жол жоқ”, "Украiна – незалежна!" деген плакаттар бар.
"Біз Қазақстанда да Украинаны қолдайтын адамдар бар екенін көрсету үшін пикетке шықтық. Олардың өздерін жалғыз сезінбегендерін қалаймыз. Біз соғысқа қарсымыз", – дейді белсенді Дархан Шәріпов.
Консулдық алдына келіп жеткен әкімдік қызметкерлері пикеттің рұқсат етілмегенін айтып, олардан тарауын сұрады. Белсенділер оларға әкімдікке хабарлама беруге ниетті емес екендерін айтты.
Айта кетсек, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты. Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады.
Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
