"Отставкадағы подполковник": Әсел Асқар көпшілікті нағашы атасымен таныстырды
Отандық блогер, актриса, тележүргізуші Әсел Асқар әлеуметтік желідегі парақшасында нағашы атасына жазба арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/assel.askar
“Отставкадағы подполковник – Жансейітов Бекжігіт. Менің нағашы атам. Жасы 87-де болса да, бес уақыт намазын тастамайтын атам. Кішкентай кезімізде “аталарың келе жатыр” дегенде денем дір ететін. Неге екенін білмеймін, кәдімдгідей қорқатынбыз. Қазір қараймын да, атамнан жуас, мейірімді жан жоқ екен ғой деймін де, маңдайынан сүйіп аламын. Жаным атам. Қазақтың Самюэль Л. Джексоны немесе Морган Фриманы. Бірақ атам одан мықты сияқты. Мама шаштаразға апарып, жаңадан жасатқан шаш үлгісін түсіріп монтаждаған видеосы ғой”, – деп жазды Әсел Асқар.
Айта кетейік, Әсел Асқардың нағашы атасы Бекжігіт Жансейітов– танымал әнші Бүркіттің әкесі.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі қарияны америкалық актер Морган Фриманға ұқсатып, жас кезінде сымбатты жігіт болған деп болжалды.
“Жас кезінде келбетті жігіт болған-ау”, “Морган Фриман ғой атаңыз”, “Бүркіт әкесіне қатты ұқсайды екен”, “Бүркіттің 87 жасында қандай болатынын көрдік”, “Атаңыз ұзақ жасасын”, “Осы ата сондай сұсты, ер мінезді екені қатты білінеді”, “Сымбатты азамат”, – деп жазды желідегілер.