AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өткен жылдан жоғары: Астықты сатып алу бағасы жарияланды

Ауыл шаруашылығы министрлігі астықты сатып алу бағасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы форвардтық сатып алу шарттары бойынша астықты қайтаруды қамтамасыз ету үшін келесі бағаларды жариялады:

3-сыныпты бидай (дән маңызының 23%) – 103 000 теңге ҚҚС қосылған;

3-сыныпты бидай (дән маңызының 25%) – 105 000 теңге ҚҚС ҚҚС қосылған;

3-сыныпты бидай (дән маңызының 27%) – 107 000 теңге ҚҚС қосылған;

4-сыныпты бидай – 98 000 теңге ҚҚС қосылған;

5 сыныпты бидай – 90 000 теңге ҚҚС қосылған;

сыныпсыз бидай – 85 000 теңге ҚҚС қосылған;

2 сыныпты арпа – 87 000 теңге ҚҚС қосылған.

"Азық-түлік корпорациясы қазіргі нарық конъюнктурасына сәйкес нарықтық баға белгіледі, бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Биыл астықты сатып алу бағасы өткен жылдың сатып алу бағасынан 24%-ға жоғары", – делінген хабарламада.  

Министрлік мәліметіне сүйенсек, биыл астықтың барлық көлемі ішкі нарыққа негізгі өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында бекітілген баға бойынша ұн зауыттарына, құс және мал шаруашылықтарына жіберілетін болады.

Бұған дейін министрлік астық түсімі 20 пайызға төмендеуі мүмкін екенін, жиналатын астық көлемі 15 миллион тонна шамасында болатынын айтқан. 

Ал егіншілер одағының болжамы тіптен көңіл көншітпейді. Олар егін шығымы биыл өткен жылғымен салыстырғанда 30 пайызға төмен болады және фермерлер 10 миллион тоннаға жуық астық жинайды деп болжап отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр