Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өте қызғаншақ адаммын": Әнші Райым Уайыс алғаш рет әйелін көрсетті

Соңғы кезде эстрададан гөрі діни кештерде төбе көрсететін әнші Райым Уайыс алғаш рет отбасын көрсетіп, сұқбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото shynar_abdibek парақшасынан алынды

Сахнаға Мейрамбек Беспаевтың демеушілігімен шыққан әнші талай хит әндерді орындап, көрермен жүрегін жаулады. 

“2010 жылы көзім осы қызға түсті. Есімі – Шынар. Тараз қаласының тумасы. Көп ел көзіне түсе бергенді ұнатпайды. Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қазір калиграфия саласымен айналысады. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге көркем жазу үйретеді,” – қысқа жауап берді.

Осы кезде әйелі де әңгіме араласып, әншінің сөзін толықтырды.

“Райым әнші болып таныла бастағанда, Алматыға көшуге шешім қабылдады. Мен Таразда қалдым. Агент арқылы сөйлесіп тұрдық. 2014 жылы шаңырақ көтердік. Төрт жыл Тараз бен Алматының ортасын тоздырдық. Қазір Хамза, Мұстафа, Ахмет деген үш ұлдың анасымын,”– дейді әншінің жұбайы.

Жарының сөзінен кейін, Райым қыз бен жігіт болып жүргендегі қызық оқиғасын да есіне алды.

“Мен өте қызғаншақ адаммын. Әйелімді көлеңкесінен де қызғанамын. Біздің кезімізде агент енді шыққан кез болатын. Бір-біріміздің құпия сөзімізді біліп, кіре беретінбіз. Бір күні Шынарға бір жігіт: ”Сәлем!” деп жазған. Соны оқып қойып, Таразға кетіп қалғаным бар. Кім екенін білу үшін, Шынарды жұмысына іздеп бардым. Бұл кісі ештеңеден хабарсыз. “Бұл жігіт кім, саған неге жазады?” деп ашуланғаным бар. Ол кезде Алматы мен Тараздың ортасы қазіргідей 3-4 сағаттық жол емес. Айналма жолдар енді салынып жатқан кез. Сегіз сағат жол жүріп, әрең жеткенім есімде. Бір жағынан қызғаныш, екінші жағынан жастық албырт сезім”, – оқиғаны күліп еске алды әнші. 

Айта кетейік, әнші жақында 35 жасқа толып, туған күнін қымбат мейрамханада атап өткен болатын.  

Талқылау