Өте қауіпті дертке шалдыққан: Қазақстандық азамат үйі болмағандықтан ем ала алмай жүр
Қостанай қаласының 30 жастағы тұрғынына пәтер қажет. Баспанасының жоқтығынан ол өкпе трансплантациясы кезегіне тұра алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Асқар Бакиров әрең қозғалады, кез келген физикалық белсенділік оның ентігуі мен ауырсынуын тудырады. 30 жастағы ер адамның жүрек ақауы бар. Оған қоса өкпе гипертензиясы ауруына шалдыққан, оның өкпесін трансплантациялау қажет.
Бес жыл бұрын ол Үндістанда емделген. Алайда оған донор табылмапты. Қазір ер адам кезекте тұр. Тіпті бірнеше рет донор шығып, трансплантацияға шақырылыпты. Бірақ оның әлеуметтік жағдайы өкпе трансплантациясынан кейін өмір сүруге жарамсыздығына байланысты кезек тізімінен шығарылған.
"Біз жатақханадан бөлме жалдап тұрамыз. Дәрігерлер операциядан кейін өмір сүруім үшін жағдайым болуы керек деп түсіндірді", - дейді Қостанай қаласының тұрғыны Асқар Бакиров.
Пәтерден бөлек Асқардың материалдық жағдайы да трансплантациядан кейін емделуге жеткіліксіз. Өйткені оның анасы жалғыз өзі жұмыс жасайды. Оған қоса қарындасы мен інісі де бар. Дәрігерлер операцияның сәтті болуы отбасы мүшелеріне, отадан кейінгі күтімге байланысты екенін айтады.
"Өкпе трансплантациясын жасаған науқастар - бауыр, жүрек немесе бүйрек трансплантациясы жасалған науқастарға қарағанда сыртқы ортамен байланыста болады. Жұқпалы асқынулар, адамның өміріне қауіп төндіреді", - дейді кардиология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Мұқаров.
Әкімдік Асқардың 2021 жылдан бастап мүгедектік бойынша 1371 баспана алу кезегінде тұрғанын хабарлады. Үй кезегінің қашан келетіні белгісіз. Үйдің кілтін алған жағдайда да донор күтуі керек. Оған қанша уақыт кететіні әлі анық емес.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
