Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аптап ыстық сақталады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша  2022 жылдың 26-28 шілдесіне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жара

Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағында қатты ыстық сақталады.

“Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі” – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтерілуі күтілуде, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжануда.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 10:12
Талқылау