Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өте діндар, әйелін сыртқа шығармайтын": Атыраулық отбасының өліміне күдікті күйеу бала жайлы не мәлім

Фото: Атырау полиция департаменті

Атырау облысында Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптының өлімі және отбасының тағы екі мүшесінің із-түзсіз жоғалуына қатысты резонансты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Мәйіттер табылғаннан кейін тергеу органдары марқұмдардың күйеу баласының ықтимал қатысын тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, ерлі-зайыптының денелері шаруашылық құрылыстың ішінен табылған. Тергеу қасақана кісі өлтіру нұсқасын қарастырып, күдіктінің жалғыз әрекет еткен-етпегенін анықталып жатыр. Сот-медициналық сарапшылар өлімнің нақты себебін, қылмыс жасалған уақытты және қолданылған құрал белгіленеді.

Істің негізгі фигуранты ретінде 29 жастағы күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиев аталады. Оның туыстары тергелгенімен, күдіктінің өзі мен оның жұбайының қайда екені туралы нақты мәлімет әзірге алынбаған. Марқұмдардың үлкен қызы да хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

"Бұл отбасы өте діндар, тұйық өмір салтын ұстанды. Ешкіммен араласпайтын, үйден сирек шығатын. Бес баланың анасы көпбалалы әйелді, тіпті, туыстары да көрмеген. Бұл сұрақ тудырды. Ерлі-зайыптының ешқайсы ресми түрде жұмыс істемеген. Ақбаян да сыртқы ортамен байланыссыз, құрбылары мен жақындары болмаған. Осы жайттар белгілі болса да, алдын алу шаралары қолданылмады", – дейді құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін, отбасымен таныс адам.

Сұлтанның анасы ұлының кейде байланысқа шығатынын, алайда телефон қоңырауларына жауап бермейтінін айтқан. Сонымен қатар дереккөздер мен әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, ол Бали аралында болуы мүмкін және жоғалған әйелдердің бірінің банк картасын пайдалануы ықтимал.

Марқұм Максот Қарабалиннің әпкесі Асили Мухангалиева Сұлтанның ұзақ уақыт бойы жұбайының қайда екенін жасырып келгенін айтады.

"Ол бізге Ақбаянды ешқашан көрсетпеді, үнемі сылтау табатын. “Жағдайы жақсы” дейтін. Кейін олардың қараша айынан бері жоғалғаны белгілі болды. Соған қарамастан, Сұлтанның анасы полицияға хабар бермей, бес баланы өз үйінде қалдырған. Бұл істе түсініксіз жайттар өте көп", – дейді ол.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер күдіктінің Индонезия аумағында болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Тергеу нұсқаларына сәйкес, ол елден кетуге әрекет жасауы ықтимал, өйткені оқиғаның жалпы көрінісі біртіндеп айқындалып келеді.

Полиция жедел-іздестіру және тергеу шараларын жалғастырып жатыр. Іс бойынша ресми түсініктемелер әзірге шектеулі.



Еске салайық, Атырау облысы Жангелді ауылында бір отбасының бірнеше мүшесі із-түссіз жоғалып, іс қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Тергеу барысында 1959 жылы туған ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылып, қылмыс адам өлтіру бабы бойынша тіркелді. Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілер анықталғанын, оларды ұстау шаралары жүріп жатқанын хабарлады, ал тағы екі адамның тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 07 Қаңтар, 2026 19:15