Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өте бай көрінеді: Бритни Спирстің визажисті Жұлдыз Әбдікәрімова туралы пікірін айтты

Опа-далап, бес тонна бояу адамның түр-келбетін танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда сңғы кездері ел Қазақстан жұлдыздарын “бірдей боянғандықтан, бір-біріне ұқсап кеткен” деп сынайтын болған. Қазақстанға келген әйгілі Бритни Спирстің визажисті бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Данесса Майрикс Алматыға шеберлік сағаттарын өткізу үшін келген. Атақты бет әрлеушімен тәжірибе алмасуға келген мамандар Қазақстан жұлдыздарымен жұмыс істейді. Бұл ретте америкалық визажист Қазақстанның әйгілі бикештеріне қатысты өз пікірін білдірді.

Лидо – “Ол әдемі, маған оның бет жүзі ұнайды”.

Айдана Меденова – “Маған оның кірпіктері ұнайды. Бет сүйегі тамаша орналасқан”.

Кәмшат Жолдыбаева – “Сұлулық патшайымы секілді. Голливудтың киножұлдыздары сияқты”.

Ділназ Ахмадиева – “Өмірімде кездестірген ең әдемі көздердің иесі. Ғажап, беті де сондай сүйкімді”.

«Кешью» тобы – “Табиғи, сүйкімді әрі балғын”.

Жұлдыз Әбдікәрімова – “Өте бай көрінеді”.

Айта кетейік, Данесса әлемге әйгілі Бритни Спирс, Сиара және Тайра Бэнкс сынды жұлдыздардың визажисі.

Оқи отырыңыз:

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Елге танымал әншілер Сара Тыныштығұлованы екі мәрте өлтірмекші болған

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

 

Талқылау