“Өте ауыр матч болды”:Елена Рыбакина Доходағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жартылай финал жолдамасы үшін 19 жастағы канадалық теннисші Виктория Мбокоға қарсы ойнады. 2 сағат 25 минутқа созылған тартысты кездесуде 5:7, 6:4, 4:6 есебі тіркеліп, Рыбакина турнирді ширек финалда аяқтады.
Матчтан кейін ол ойынның өте ауыр өткенін атап өтті7
"Бұл өте ауыр матч болды. Соған қарамастан, соңына дейін күресе алғаныма қуаныштымын. Соңғы кезде мұндай ұзақ кездесулер өткізбеген едім. Австралияда матчтар арасында бір күн демалыс болды, ал Australian Open турнирінде финалдан басқа барлық ойынды екі сетте аяқтадым. Дегенмен, Дохадағы бұл жарысты өзім үшін сәтті өтті деп есептеймін. Корттан тыс кейбір жұмыстарды да атқаруыма тура келді. Жалпы алғанда, бұл алдағы турнирлерге жақсы дайындық болды деп ойлаймын", – деп келтіреді оның сөзін Tennis.com.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін Australian Open турнирінде топ жарып, әлемнің үшінші ракеткасы атанған еді. Сонымен қатар, сол жарыста әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ойсырата жеңді.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды