Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасылы Шоқан Маратұлы өзге қызбен көңіл көтеріп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

2017 жылы шаңырақ көтерген Шоқан Маратұлының басы дауға қалды. Желіде әншінің белгісіз арумен көңіл көтеріп жүрген видеосы таралып кетті. Бейнежазбаны таратқан автор Шоқанды өткен жұмада бейтаныс қызбен бірге көргенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өткен жұмада достарыммен бірге отырыста болған едім. Сонда “Ал-давай” тобындағы Шоқанды бір сұлумен көріп қалдым. Анықтап қараған соң, таңғалысымда шек болмады. Бойжеткен менің университетімде оқиды. Есімі – Лана Омарова, медицина факультетінің 1-курсында оқиды. Екеуі бірге келіп, бірге кетті. Ұсталды деген осы”, – деп жазған видео авторы.

Аталған жазба желіде қызу талқыға түсті. Инста-оқырмандардың бір тобы Шоқанды жерден алып, жерге салса, ендігілері видеоның ескі екенін айтуда. Айтуларынша, бейнежазбадағы Шоқан тым арық әрі жас.

НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында Шоқанның өзі де видеоның осыдан екі жыл бұрын түсірілгенін айтты. Ол атына күйе жақпақ болған адамды анықтап, бұл мәселені заң арқылы шешпек ниетте. Ал жары Әнелдің Шоқанға сенетіні анық. Себебі дәл сол күні Шоқан күні бойы Әнелдің жанында болған.

Жіберіп алмаңыз:

Сейдуалиева: Шоу-бизнестегі мақтаншақтық пен ысырапшылдық үшін ұяламын

“Жігіттер” квартетінің әншісі аязды күні жүргізушілерді жақсылық жасауға шақырды (видео)

Сиви Махмудидің анасы төрт түлік малға толы фазендасын көрсетіп мақтанды (видео)

Мақпал Жүнісова: Қызым үйімізге әкемнен басқа еркек кірмейді деп жылады

Талқылау