Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасылы әйел тікелей эфирде әнші Еркін Мәуленге сезімін білдірді

Еркін Мәуленнің тыңдарманы тікелей эфирде оған сезімін білдірді.

Erkin-M--ulen-sha--yira---k--terdi

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Продюсер Алтынбек Рахметовтың өнердегі екі ұлының біреуін халық сахна төрінен жоғалтып алды. Әңгіме Еркін Мәулен жайында. Бүгінде “Махаббат бағы”, “Арман қыз”, “Неліктен”, “Кінәлама” әндерінің орындаушысы сахнада, түрлі концертте өнер көрсетуді қойды. Бұған себеп те жоқ емес. Ол отау құрып, жуырда қызды болған екен. Бар уақытын отбасына арнағанын айтып жатыр. Еркін Мәулен “Әйел бақыты” бағдарламасында қонақта болды. Түсірілім барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны хабарласып, оған бір кездері қатты ғашық болғанын айтты. Өзі тұрмысқа шығып, бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр екен.

“Еркін Мәуленді көргеніме өте қатты қуаныштымын. 2009-2010 жж Еркін Мәуленнің “Арман қыз” атты әні шықты. Ол уақытта Қызылорда қаласында оқуда жүргенмін. Осы өлеңді іздеп, базар аралайтынмын. Қыздармен күні-түні іздеген кездеріміз де болды. Ақырында 2-3 айдан кейін Еркін Мәуленнің дискісіне қол жеткіздік. Қолымызда бар болса да, радиоға хабарласып осы әнге тапсырыс беретін едік. Жаңа бейнебаянды көріп отырып осының барлығы есіме түсіп кетті.

Кезінде Еркін Мәуленге ғашық болып жүретін едік. Туысқандарым Еркін ән айтса, мені “Сенің жігітің шықты” деп шақырып алатын. Қазір өзім тұрмысқа шығып кеттім, екі балам бар. Түрі еш өзгермеген. Сол баяғы Еркін. Бірақ үйленбеген шығар деп ойлап жүргенмін. Отбасылы болғанын сіздерден естіп жатырмын”, – дейді келіншек. Ләйлә Сұлтанқызы отбасы бола тұра сезімін білдірген келіншекке қайран қалды. “Әйтеуір, үйіңізде күйеуіңіз жоқ па еді?” деп сұрады. Келіншек өз кезегінде тек екі баласының бар екенін айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Алтынбек Қоразбаев 69 жасқа толды (фото, видео)

Ләйлә Сұлтанқызы шын мәнінде қалай арықтайтынын көрсетті (видео)

Қанат Айтбаев Димашты сынаған дінтанушыға жауап берді

Луина із-түссіз жоғалған анасының суретін көрсетті (фото)

Роза Әлқожа бес бірдей баласын бейнебаянына түсірді (видео)

Талқылау