"Отбасының мәні балада емес": Айша жанұяны сақтап қалудың құпиясын бөлісті
Айша жанұяны сақтап қалудың құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүркіттің өмірдегі және өнердегі жары Айша отбасында махаббат болмаса, қалғаны бос әурешілік дейді. Адамдар өмірлерін байланыстырғаннан кейін, сезімсіз әрекет етсе, ол балаға да әсер ететін көрінеді. Сондықтан, отбасын сақтап қалу үшін баланы емес, әуелі сезімді ойлаңыз деп кеңес берді әнші.
"Шіркеу ешқашан отбасының мәні балада деп кесіп айтпайды. Некенің басты мақсаты - ерлі-зайыптылардың арасындағы махаббат. Кейде өміріді тек балалардың айналасында ғана құрастырып үйреніп қаламыз. Бұл - үлкен қателік", - дейді Айша.
Айша отбасындағы махаббат баланың болашағына, адам болып қалыптасуына әсер ететінін айтып берді. Сондықтан әрбір отбасының негізі махаббатпен қаланғанын жөн санайды ол.
"Кез келген отбасының негізі әке мен ана арасындағы махаббатқа құрылуы керек. Әке-шешенің арасындағы қарым-қатынас баланың болашағына әсер етіп, перзенттің адам ретінде қалыптасуына септігін тигізеді", - дейді Бүркіттің келіншегі.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
